Қазақстанның U23 құрамасы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтады. Былғары қолғап шеберлері жалпы 6 алтын медаль жеңіп алып, құрлық додасындағы үздік құрамалардың бірі екенін дәлелдеді.
Финалдық кездесулерде ерлер құрамасы үш алтын және төрт күміс медаль иеленіп, ел қоржынына кезекті жеңістерді салды. Қазақстандық спортшылардың бұл жетістігі отандық бокстың жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.
