КАСПИЙДЕГІ ҚАРАЛЫ ОҚИҒА: 19 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ТЕҢІЗГЕ КЕТТІ

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығу өткізу кезінде қайғылы жағдайға тап болды. Каспий теңізінде оқу-жаттығу міндеттерін орындау барысында ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.

Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге 19 әскери қызметші түсіп кеткен. Қазіргі уақытта олардың 9-ы өкінішке қарай қаза болған, үш әскери қызметші құтқарылған, біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен арнайы құралдары дереу жұмылдырылған. Іздестіру жұмыстарына Әскери-теңіз күштері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер қатысуда.

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде. Құтқарушылар мен әскери мамандар теңіздегі іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл – ел қорғаны жолында жүрген азаматтардың өміріне қатысты орны толмас қайғы. Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДАРЫНДА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

berdaly_oraz

Алматыда Денис Теннің есімі көшеге берілді

Redaktor Arysinfo

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЫҒАЮЫН АТАП ӨТТІ

Redaktor Arysinfo