Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденін бауырластықтың белгісі деп бағалады

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы жоғары марапаттың алғаш рет өзіне табысталғанына ризашылығын білдірді.

Ердоған бұл марапатты Түркия мемлекеті мен түрік халқына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі ретінде қабылдайтынын айтты. Сонымен қатар ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған бауырластық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған саясатын жоғары бағалады.

– Бұл орденді Түркия Республикасы мен түрік ұлтына деген ілтипаттың белгісі деп қабылдаймын. Елдеріміз арасындағы бауырластықты нығайту жолындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Бауырластығымыз бен достығымыз мәңгі болсын, – деді Түркия Президенті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік, түркі дүниесінің ынтымақтастығы және ортақ рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды.

Ұқсас жаңалықтар

Сауранда «Жібек жолының жауһары» атты аймақтық ақындар айтысы өтті

Декреттік төлемді заңсыз рәсімдегендер жауапқа тартылуда

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Сауранда жаңа ғимарат ашылды