Қазақстан шетелдік алма импортына уақытша шектеу енгізбек

Қазақстанда шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Егер тиісті бұйрық күшіне енсе, биылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін ел аумағына алма импорттауға шектеу қойылады.

Бұл бастама отандық бағбандарды қолдауға және ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Күзгі өнім жиналатын кезеңде импортты шектеу қазақстандық алма өндірушілердің өнімін тиімді өткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша, уақытша шара ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттырып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беруге ықпал етеді. Сонымен қатар нарықтағы баға тұрақтылығы мен тұтынушылардың сұранысы да назарда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Келес ауданы тұрғындарымен кездесті

berdaly_oraz

Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

berdaly_oraz

Арыс қаласында мектепке апарар жол қауіпсіз болды

berdaly_oraz