ҚАЗАҚСТАНДА БИЫЛ ЖАЗДА 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬДЕ ДЕМАЛАДЫ

Биыл жазғы демалыс кезеңінде Қазақстан бойынша 11 135 демалыс орталығы жұмыс істеп, 3,2 миллион баланы сауықтыру және бос уақытпен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Министрдің айтуынша, мектеп жанындағы лагерьлерде 3 миллионға жуық бала демалса, 168 мың оқушы маусымдық лагерьлерде, ал 44 мыңнан астам бала жыл бойы жұмыс істейтін орталықтарда уақыт өткізеді.

Жазғы демалыс бағдарламасында әлеуметтік осал санаттағы балаларға басымдық берілген. Атап айтқанда, аз қамтылған отбасылардан шыққан 729 мың бала мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 53 мың бала арнайы бағдарламалармен қамтылады.

Сонымен қатар республикалық Балдәурен және Бөбек орталықтарында халықаралық, республикалық пәндік және IT олимпиадаларының, шығармашылық әрі спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан 5 мың бала сауықтыру және дамыту шараларына қатысады.

Жазғы демалысты ұйымдастыру балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту бағытында жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

ҮЕҰ МЕН ЕРІКТІ ЖАСТАР МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Арыста Көрісу мерекесі кең көлемде аталып өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА 7 МЫҢ АДАМ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Redaktor Arysinfo