Қазақстанда никабқа тыйым салу мәселесі Мәжілісте қаралып жатыр — Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде никабқа заң жүзінде тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, бұл мәселеге қатысты арнайы заң қабылданбағанымен, Ішкі істер министрлігі тарапынан тиісті норма әзірленіп, қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатыр.

– Жеке заң жоқ. Бірақ Ішкі істер министрлігі тарапынан қаралып жатқан норма бар. Бұл норма никабқа тыйым салуды көздейді. Қазір ол Мәжілісте, менің білуімше, бірінші оқылымда талқыланып жатыр немесе талқылау аяқталған болуы мүмкін, – деді Аида Балаева.

Никаб – мұсылман әйелдері арасында таралған киім үлгісі, ол бетті толық немесе жартылай жауып, тек көзді ашық қалдырады. Бұл жабын шариғат талаптарын ұстанатын әйелдер арасында жиі кездеседі.

Мәселенің қоғамда талқыланып жатқанына қарамастан, ресми тыйым әзірге қабылданған жоқ. Мәжілістегі талқылау нәтижесі бойынша, норманың заңдық күшке енуі немесе өзгертілуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТҰРАҚТЫ РЕЖИМДЕ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі әлем чемпионы мен жүлдегерін марапаттап, көлік сыйлады

berdaly_oraz

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсті