дереккөз фото: АDYRNA
Forbes деректеріне сүйенген Statyssey платформасы Орталық Азиядағы ең бай миллиардерлердің жаңа рейтингін жариялады. Тізімде Қазақстаннан сегіз кәсіпкердің болуы ел бизнесінің өңірдегі ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді.
Рейтингтің бірінші сатысында өзбекстандық кәсіпкер Әлішер Усманов тұр. Оның байлығы 16,7 миллиард доллар деп бағаланған. Екінші орынға капиталы 9 миллиард доллар болатын Искандер Махмудов жайғасты.
Ал үздік үштікті қазақстандық кәсіпкер Вячеслав Ким қорытындылады. Оның дәулеті 7,8 миллиард долларды құрайды. Төртінші орында Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов орналасқан. Оның байлығы 7,6 миллиард долларға жеткен.
Сарапшылардың пікірінше, рейтинг Орталық Азиядағы ірі капиталдың негізінен Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлерінің қолында шоғырланғанын көрсетеді.
