Тоқаев Шымкент әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар талқыланды.

Қала әкімі Президентке атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп берді. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және қаланың инвестициялық әлеуетін арттыру мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы қала дамуының негізгі бағыттарына назар аударып, алға қойылған міндеттерді сапалы орындауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 7 балалы әйелдің жұмбақ қазасына қатысты сот үкімі шықты

Альфия Адамбек

Арыс әкімі Қайсар Маңқараев халықпен кездесіп,қаланы көркейтуге қатысты тапсырмалар берді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МВт ҚУАТЫ БАР ІРІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА