ҚАЗЫҒҰРТТА «ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Дереккөз, фото: Қазығұрт ауд әкімдігі

Қазығұрт ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты тағылымды іс-шара өтті. Кеш барысында ел қорғаған ерлердің ерлігі ұлықталып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Мерекелік шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың жанқиярлығы мен ел үшін атқарған еңбегінің тарихи маңызына тоқталды. Сондай-ақ Қазығұрт өңірінен шыққан майдангерлердің ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Салтанатты жиын барысында 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарға арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар әскери қызметте үздік нәтиже көрсеткен сарбаздардың аналары «Үздік жауынгердің анасы» медалімен марапатталды.

Іс-шара аудандық мәдениет сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Патриоттық әндер орындалып, ұлттық билер мен сахналық қойылымдар көрермен көңілінен шықты.

Тағылымы мол кеш ел қорғаған батырлардың ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін ұлықтап, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ АБАТТАНДЫРУ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

berdaly_oraz

САРЫАҒАШ АУДАНЫНА «ҚАЗАҚСТАН–ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ КЕЛДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: «КЕҢ ДАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo