ҚАЗЫҒҰРТ: “ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН – ҰЛЫ ЖЕҢІС”

Дереккөз, фото: Қазығұрт ауд әкімдігі

Қазығұрт ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс» атты тағылымы мол салтанатты шара өтті. Ел қорғаған ерлердің ерлігіне тағзым етіп, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген жиын батыр бабалар рухына көрсетілген зор құрметтің көрінісіне айналды.

Мерекелік шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, аудан прокуроры Руслан Абдраимов, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық мекеме басшылары, тыл ардагерлері, ақсақалдар, әскери қызметкерлер, білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласының мамандары мен белсенді жастар қатысты.

Шара «Даңқты батыр бабалар» аллеясындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Жиналған қауым Отан үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Салтанатты жиында ерлік пен елдік туралы тағылымды ойлар айтылып, батыр бабалардың өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру, елге адал қызмет етудің маңызын жастар санасына сіңіру мәселесіне баса назар аударылды.

Тағылымды шара жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, ел тарихын құрметтеуге үндеген маңызды рухани басқосуға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ: САУРАНДА САЙЛАУШЫЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ДӘМДЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Жылына 500 дрон: Түркістанда жаңа өндіріс іске қосылды

Redaktor Arysinfo

ПАРЛАМЕНТКЕ 30 ЖЫЛ: ЕЛ ЗАҢНАМАСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo