Қазығұртта сенбілік кезінде 8 мыңға жуық көшет отырғызылды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Іс-шара барысында елді мекендерді көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жұмыстар жүргізіліп, 8 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, жастармен бірге тал екті. Ол табиғатты қорғау бастамаларын жалғастыру, жасыл аймақтарды кеңейту және отырғызылған ағаштарды күтіп-баптаудың маңызын атап өтті.

Жалпы биыл аудан бойынша 18 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Экологиялық акциялар ауданның барлық ауылдық округтерінде қатар ұйымдастырылып, тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТҰРАҚТЫ РЕЖИМДЕ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz

750 сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Бәйдібек ауданында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде