Көксуда «Балтабай» шаруа қожалығының жұмысы таныстырылды

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Көксу ауылдық округіндегі «Балтабай» шаруа қожалығына барып, шаруашылықтың жұмысымен танысты.

1997 жылы құрылған қожалықты Серкебай Дүйсенкүл басқарады. Бүгінде шаруашылықтың жалпы егістік алқабы 20 гектарды құрайды. Оның 16 гектарына мақта, 4 гектарына бақша дақылдары егілген.

Өндірістік жұмыстарға салынған инвестиция көлемі 39 млн теңгені құрайды. Қожалықта 5 адам еңбек етеді. Оның үшеуі тұрақты, екеуі маусымдық жұмысқа тартылған.

Шаруашылықта егіс алқаптарын өңдеуге арналған үш техника бар. Атап айтқанда, МТЗ-80 және ТS-1404 тракторлары, сондай-ақ лазерлі тегістегіш қолданылады.

Кездесу барысында аудан әкімі шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, егін шаруашылығын дамыту, жерді тиімді пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін талқылады.

Шаруа қожалығының төрайымы алдағы жоспарларымен бөлісіп, егіс көлемін ұлғайту, техникалық мүмкіндіктерді арттыру және өндіріс көлемін көбейту көзделіп отырғанын жеткізді.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларына шаруалардың ұсыныстарын назарға алып, заң аясында қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Сауалнама нәтижесі: Құрылтай сайлауында қазақстандықтар кімге сенім артады?

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы 440 мың теңгеге жетті

ӘНШІ СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВТІҢ АНАСЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ

Redaktor Arysinfo