КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Даңқ мемориалында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алып, рухына тағзым ету рәсімі өтеді. Салтанатты шара барысында ескерткішке гүл шоқтарын қою жоспарланған.

Осыған байланысты, 9 мамыр күні сағат 08:00 бен 10:00 аралығында Қ. Рысқұлбеков көшесінің Мәделі қожа көшесінен Н.Төреқұлов көшесіне дейінгі бөлігі уақытша көлік қозғалысына жабылады.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған аумақта тиісті қызметтер күшейтілген режимде жұмыс атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Тараз маңында жас полицей қызметтік қарумен өзін атып өлтірді

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТРЛАР БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

berdaly_oraz

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

berdaly_oraz