АРЫС: БІР СЫНЫПТА ОҚЫҒАН ТӨРТ ДОС ӘСКЕРГЕ БІРГЕ АТТАНДЫ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылында тағылымды оқиға орын алды. Бір мектепте білім алып, бір сыныпта оқыған төрт дос бір мезетте әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

Жиделі жалпы білім беретін мектебінің түлектері – Бейсен Рамазан Лесбекұлы, Дайраш Аян Бақытұлы, Жұбай Мәди Ерланұлы және Сайлау Болысбек Қалдарханұлы енді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сапында қызмет етеді. Жас сарбаздар Алматы облысындағы №97617 әскери бөлімінде әскери міндетін өтемек.

Бір сыныпта оқып, бірге ер жеткен достардың әскери өмірге де қатар қадам басуы – шынайы достық пен елге деген жауапкершіліктің көрінісі. Бұл – өскелең ұрпаққа үлгі болатын тағылымды іс.

Ел қорғаны болуға аттанған жас азаматтарға сәтті қызмет, мықты денсаулық және биік рух тілейміз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда діни радикализмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

berdaly_oraz

Түркістан: Сайрам ауданының әкімі болып Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев сайланды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛАДЫ