КӨПҰЛТТЫ МӘДЕНИЕТ ТОҒЫСҚАН МЕРЕКЕ АРЫСТА АТАЛЫП ӨТТІ

Арыс қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде әрі жоғары деңгейде аталып өтті. Теміржолшылар саябағында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Салтанатты шеруге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, білім беру ұйымдары, теміржол саласының еңбек ұжымдары және қала жұртшылығы белсене қатысты. Мерекелік алаң ұлттық нақышта безендіріліп, әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін көрмелер мен сахналық қойылымдарға ұласты.

Шеруді қазақ халқының ұлттық киім киген тобы бастап, оны славян, өзбек, татар-башқұрт, иран-әзірбайжан этномәдени орталықтарының өкілдері және теміржол саласының қызметкерлері жалғастырды. Бұл көрініс елдегі татулық пен келісімнің айқын көрінісіне айналды.

Мерекелік жиынға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев пен AMANAT партиясы қалалық филиалының басшысы Бақтығали Ділдәбеков қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара барысында қала дамуына үлес қосып, бірлік пен татулықты нығайтуға атсалысып жүрген ардагерлер, түрлі сала мамандары, теміржолшылар және қала көркін арттыруға еңбек етіп жүрген жұмысшылар қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мереке аясында этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалып, ұлттық билер көпшілікке тарту етілді.

Бұл күні арыстықтар елдегі бейбітшілік пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте сезініп, өзара жылы лебіздерін білдірді. Жиналған жұрт ел тыныштығы мен жарқын болашаққа деген сенімдерін айқындап тарқасты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЭКО-ТРАК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген

ТҮРКІСТАН: ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo