ҚҰРЫЛТАЙ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күн. Осыған орай Түркістан облысының бірқатар қала-аудандарында тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, сайлау күні Түркістан және Арыс қалаларында, сондай-ақ Қазығұрт ауданында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Бұл бастама азаматтардың дауыс беру учаскелеріне қатынауын жеңілдетіп, сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Әсіресе қоғамдық көлікке тәуелді тұрғындар мен шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар үшін бұл маңызды қолдау болмақ.

Түркістан облысы бойынша 1 204 659 дауыс беруші тіркелген. Құрылтай депутаттарының сайлауында азаматтардың өз таңдауын жасауы үшін облыс аумағында 952 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Сайлау күні қоғамдық көліктің тегін қатынауы тұрғындардың уақытын үнемдеп қана қоймай, дауыс беру учаскелеріне жету мүмкіндігін арттырады.

Азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау – маңызды міндет.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮТІНСІЗ ЖЫЛЫЖАЙ: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯ МЕН ТАБЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ІЗДЕЛУДЕ

Redaktor Arysinfo

ЖЕҢІС САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

berdaly_oraz

Түркістанда ерекше қажеттілігі бар жандарға жүйелі қолдау көрсетілуде

berdaly_oraz