ЖЕҢІС САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай қала орталығындағы Жеңіс саябағында тазалық және абаттандыру шарасы өтті.

Іс-шара барысында саябақ аумағындағы стеллалар жуылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, арамшөптер шабылып, гүлдер мен талдардың түптері қопсытылып, аумақты көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған жұмыстар саябақтың тазалығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Сондай-ақ тұрғындар мен қонақтардың демалысына қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға мән берілді.

Тазалық шарасы барысында қоғамдық орындардың күтімі мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы да насихатталды.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: БАДАМ АУЫЛЫНДА ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz

Шымкент: Кең Баба саябағында орналасқан заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр

berdaly_oraz

2026 жылы өңірлерде көкөніс пен жүгері алқаптары кеңейтіледі

berdaly_oraz