Құрылтайды ұйымдастыру шығыны 15,5 млрд теңгеден асуы мүмкін


Тамыз айында өтетін Құрылтайды ұйымдастыруға 15,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалуы ықтимал. Бұл туралы Шавкат Өтемісов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Құрылтайға байланысты сайлау процесіне кететін шығын көлемі АЭС құрылысына қатысты өткен республикалық референдумнан да жоғары болуы мүмкін.

Еске салсақ, атом электр станциясы мәселесі бойынша өткен референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалған болатын. Ал Жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдумға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, 2022 жылғы конституциялық өзгерістер бойынша өткен жалпыхалықтық дауыс беруге 16,4 млрд теңге қарастырылған.

Қазіргі уақытта алдағы Құрылтайды ұйымдастыруға байланысты нақты смета мен шығын көлемі бойынша толық ақпарат жарияланған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Әр тиын-халық игілігіне: Түркістан облысының әкімі қатаң тапсырма берді

Арыста 1 апта бойы азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Түркістан облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 227 қылмыс ашылған