дереккөз фото Jas Alash
Өскемен қаласында жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің бір бөлігі құлап, оқиға кезінде оның үстінде 8 адам болған.
Оқиға 7 мамыр күні кешкі уақытта Карбышев көшесінде тіркелген. Қала әкімдігінің мәліметінше, балалар көпірді тербеткеннен кейін ағаш төсемі шыдас бермей опырылып түскен.
Сол сәтте көпір үстінде 4 ересек адам мен 4 бала болған. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жедел жеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ауыр зардап шеккендер жоқ. Зардап шеккендер жеңіл жарақат алып, денелері сырылған. Қазір көпір аумағы қоршалып, уақытша жабылған.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
