Түлкібас ауданы аумағынан 250-ге жуық құстың түрі ұшып өтеді

Дереккөз, фото: Түлкібас ауд әкімдігі

Табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданы — сан алуан өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай киелі өңір. Қарт Қаратау мен Алатау жоталарының түйіскен тұсында орналасқан аудан аумағы арқылы жыл сайын шамамен 250-ге жуық құс түрінің миграциялық бағыты өтеді.

Осыған байланысты бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен бірге Шақпақ орнитологиялық станциясы жұмысымен танысты. Аталған мекеме ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» қарасты ғылыми орталық болып табылады.

Станцияда көктем және күз мезгілдерінде құстардың қоныс аудару үдерісін зерттеу бағытында 8 маман тұрақты ғылыми жұмыстар жүргізеді. Мамандардың айтуынша, Қаратау мен Алатаудың географиялық жақындығы бұл аумақты құстардың негізгі миграциялық дәліздерінің біріне айналдырған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арысқа жұмыс сапарымен келді

berdaly_oraz

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗЫҒҰРТТА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ “ШЕБЕРЛЕР БҰРЫШЫ” ҚҰРЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo