Алматы облысында базардағы дәмханадан 19 адам уланды

дереккөз фото:Aikyn.kz

Алматы облысының Іле ауданында орналасқан базардағы дәмханадан тамақтанған 19 адам жаппай улану белгілерімен ауруханаға жүгінді. Зардап шеккендердің дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсу және әлсіздік сияқты белгілер байқалған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар дәмханадан алынған тағам үлгілері мен санитарлық жағдайды зерттеп, уланудың нақты себебін анықтауға кіріскен.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Денсаулық сақтау органдары тұрғындарды қоғамдық тамақтану орындарын таңдауда сақ болуға және күмәнді тағамдарды тұтынбауға шақырды

Ұқсас жаңалықтар

Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

berdaly_oraz

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу – басты міндет: Арыста балалар құқығын қорғау күшейтіледі

Redaktor Arysinfo