ЖЕТІСАЙДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Жетісай ауд әкімдігі

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовнің төрағалығымен төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, дала өрттерінің алдын алу және адам өлімін болдырмауға бағытталған жұмыстар талқыланды.

Отырыста баяндама жасаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Баймахан Баһарам судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдерге рұқсат етілмеген және таныс емес су айдындарында шомылудың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Сонымен қатар, каналдар мен арық-атыздарға жақын орналасқан елді мекендерде қауіпсіздік ережелерін сақтау, суға батқан жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын түсіндіру бағытындағы жұмыстар білім беру ұйымдары мен қоғамдық орындарда жалғасып жатқаны айтылды.

Жиын барысында аудан әкімі жауапты мекемелерге рұқсат етілмеген шомылу орындарында бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудан әкімдігі, полиция, төтенше жағдайлар және білім бөлімдерімен бірлесіп, қала, кент және ауылдық округтерде кезекшілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру қажеттігі ескертілді.

Бұған дейін аудан аумағындағы қауіпті су айдындарына 36 дана «Шомылуға тыйым салынады» белгісі орнатылып, 17 аумаққа қорғаныс тростары тартылған. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 13 каркасты бассейн сатып алынып, елді мекендерге пайдалануға берілген.

Белгіленбеген орындарда суға түсу деректерінің алдын алу мақсатында заң талаптарына сәйкес түсіндіру және әкімшілік шаралар да жүргізілуде.

Жиын соңында аудан басшысы сала жетекшілері мен ауылдық округ әкімдеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырып, атқарылатын жұмыстардың орындалуын бақылауды жауапты орынбасарларына жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің маңызды басымдықтарының бірі- ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту, жетілдіру қызметі

В Институте экономических исследований обсудили экономические аспекты Конституционной реформы

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласының дамуы кезең-кезеңімен жүзеге асуда

berdaly_oraz