Түркістанда жаңа серіктестікке жол ашқан кездесу өтті

Нұралхан Көшеров Түркияның YDA Holding компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесіп, өңірдегі ірі инвестициялық жобаларды талқылады.

Кездесу барысында Түркістан қаласында салынып жатқан 570 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысын толық аяқтау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды.

Облыс әкімі Түркістанның бүгінде түркі әлемін байланыстыратын маңызды орталыққа айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің жоғары деңгейде өтуі шаһардың халықаралық беделін арттырған. Сонымен қатар, «YDA Holding» компаниясының Түркістан халықаралық әуежайының құрылысын қысқа мерзімде аяқтауы өңірдің дамуына серпін бергені айтылды.

Нұралхан Көшеров түркиялық инвесторларды ауыл шаруашылығы, өндіріс және туризм салаларындағы жаңа жобаларға қатысуға шақырып, өңірде инвесторларға барлық қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

Өз кезегінде Хусейн Арслан Түркістанның қарқынды дамуына жоғары баға беріп, бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, 570 орындық аурухананы биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа медициналық нысан халықаралық стандарттарға сай жоғары деңгейдегі емдеу мекемесіне айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Шымкентте қандастардың құқығы қорғалды

«Otebay gaz» халықтың жанайқайын ескерді»: Арыс қаласында табиғи газ тарифі төмендеді

berdaly_oraz