МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ДИКТАНТ, МАЗМҰНДАМА ЖӘНЕ ШЫҒАРМА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Қазақстан мектептерінде диктант, мазмұндама және шығарма қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан ТЖБ мен БЖБ жүйесіне қатысты көптеген сын- ескертпелер айтылған. Осыған байланысты ведомство критериалды бағалау жүйесін қайта қарап жатыр.

«1-11 сыныптар аралығындағы 16 пән бойынша ТЖБ мен БЖБ-ға талдау жүргізілді. Кейбір тапсырмалар “Күнделік”, “BilimClass” жүйелеріне толық енгізілмейтіні анықталды. Сондықтан тілдік пәндерге диктант, мазмұндама және шығарманы қайтару мәселесін қолға алдық», – деді министр.

Сондай-ақ, ол бұл өзгерістер оқушылардың оқу және жазу сауатын дамытуға бағытталғанын атап өтті. Министрдің сөзінше, ұстаздар мен ата-аналардың басым бөлігі бұл бастаманы қолдап отыр

Ұқсас жаңалықтар

Арыста мотивациялық іс-шара өтті

berdaly_oraz

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады-Думан Әбілев

berdaly_oraz

«Арыс» футбол клубы «Ордабасы (жастар)» командасын 2:0 есебімен жеңді

berdaly_oraz