МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘДЕП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК — БАСТЫ ТАЛАП

 Мемлекеттік қызметшілер — мемлекет пен халық арасындағы маңызды байланыс орнатушы тұлғалар. Сондықтан олардың кәсіби біліктілігімен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтауы да мемлекеттік аппараттың беделі мен тиімділігіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімі аппаратында әдеп мәселелері бойынша кезекті жиын өтті.

Жиында Әдеп жөніндегі уәкіл Ербол Орманов мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттарының маңызын атап өтіп, қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай — ақ қызмет барысында дұрыс шешім қабылдау және әдеп нормаларын күнделікті өмірде де сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Қызметтік әдеп — бұл мемлекеттік қызметшінің азаматтармен және әріптестерімен қарым — қатынасын реттейтін моральдық — этикалық нормалар жиынтығы. Оның негізгі талаптары — адалдық, бейтараптық, жауапкершілік және заңдылықты қатаң сақтау. Сонымен қатар азаматтардың өтініштеріне сыпайы әрі уақтылы жауап беру — халық сенімін арттырудың басты тетігі.

Жиын қорытындысында әдеп нормаларын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екені айтылып, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатыны жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Созақ ауданында балаларға арналған 3 нысан пайдалануға берілді

Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ғылымның басым бағыттары бойынша жобаларды қабылдайды.

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында 30 000 жаднама халыққа таратылды

berdaly_oraz