Мемлекеттік рәміздер күні Арыста салтанатты түрде аталып өтті

Қазақстанда 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтуде. 1992 жылдың дәл осы күні елдің басты нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілген болатын.

Атаулы күнге орай Арыс қаласындағы Тәуелсіздік стелласы маңында салтанатты жиын өтіп, мемлекеттік ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға қала басшылығы, қоғамдық кеңес өкілдері, саяси партия филиалы жетекшілері, ардагерлер мен жастар қатысты. Жиында Мемлекеттік Тудың тарихи және идеологиялық маңызы айтылып, рәміздерге құрмет көрсету — азаматтық парыз екені атап өтілді.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекеттік Әнұран орындалып, қатысушылар ел нышандарына тағзым етті.

Мерекелік жиын елдік рух пен бірлікті дәріптеген маңызды шара ретінде өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыда «БАҚ жұлдыздары» өнер байқауы өтті

Түркістанда жаңа мешіт ашылды: Бұл – Өзбекстанның Қазақстанға тартуы

Redaktor Arysinfo

Мемлекеттік рәміздер күні: Түлкібаста көпбалалы аналар мен еңбек адамдары марапатталды

Redaktor Arysinfo