МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Кентау қаласынан бастау алған республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны Түркістан қаласында мәресіне жетіп, 500-ге жуық команда арасынан үздіктер анықталды.

Ауқымды білім сайысына Алматы, Шымкент қалалары, Қызылорда және Алматы облыстары, сондай-ақ Түркістан өңірінің аудан-қалаларынан 2500-ден астам жас қатысты. Биыл сегізінші рет ұйымдастырылған жобаға 14–35 жас аралығындағы түрлі сала мамандары қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және зияткерлік әлеуеттерін көрсетті. Шешуші финалдық кезеңде іріктеуден сүрінбей өткен үздік үш команда бақ сынады.

Нәтижесінде:
І орынды Сайрам ауданынан келген «IQ Elite» командасы иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
ІІ орын Алматы қаласының «A team» командасына бұйырды.
ІІІ орын Келес ауданының «Kelesoilap» командасына табысталды.

Осылайша, үздік командалар анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңге.

Жобаны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

«AL-FARABI» интеллектуалды ойыны – жастардың логикалық ойлауын, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды зияткерлік алаң. Жобаның басты мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың танымдық белсенділігін арттыру.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

berdaly_oraz

Түркістандағы аламан айтыста Шұғайып Сезімхан бас жүлдені иеленді

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz