Монтайтас пен Шағыр тұрғындары талаптарын ашық айтты: әкім нақты тапсырмалар берді

қоғамМонтайтас пен Шағыр ауылдарындағы қордаланған мәселелер мен тұрғындардың талап-тілегі қала әкімінің назарында. Қала әкімі Қайсар Маңқараев елді мекендерге арнайы барып, халықпен жүздесіп, көтерілген мәселелерді тікелей тыңдады.

Монтайтас ауылындағы кездесуде тұрғындар елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар өзекті мәселені ортаға салды. Ауыл азаматтары өздерін алаңдатқан мәселелердің шешілуін сұрап, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Қала әкімі тұрғындардың әрбір ұсынысын назардан тыс қалдырмай, жауапты сала басшыларымен бірге мәселелердің шешу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ көтерілген мәселелердің алдағы жоспарларға енгізілу мүмкіндігі талқыланды.

Одан кейін Қайсар Маңқараев Шағыр ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Мұнда да халық елді мекеннің дамуына қатысты талап-тілектерін айтып, шешімін күткен мәселелерді көтерді.

Қала басшысы тұрғындардың ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселенің шешімі қолданыстағы заңнама мен бюджет мүмкіндіктері аясында қарастырылатынын атап өтті.

Кездесулер барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олардың орындалуы бақылауда болатыны айтылды.

Бастысы – тұрғындардың талап-тілегі қағаз жүзінде қалмай, нақты жұмыстарға ұласуы. Монтайтас пен Шағырдағы кездесулер осы бағыттағы міндеттерді айқындап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста тұрғындар ағаш отырғызуға жұмылды: «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

КАСПИЙДЕГІ ҚАРАЛЫ ОҚИҒА: 19 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ТЕҢІЗГЕ КЕТТІ

Redaktor Arysinfo