Монтайтас тұрғындарына тазалық талаптары түсіндірілді

Монтайтас ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалыққа қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Таза қала – әркімнің жауапкершілігі» тақырыбындағы рейд барысында ауыл тұрғындарына арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.

Шара кезінде тұрғындарға елді мекен аумағын таза ұстаудың маңызы түсіндіріліп, белгіленген талаптарды бұзған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны айтылды. Оның ішінде құқықбұзушылықтың сипатына қарай айыппұл салынуы мүмкін екені ескертілді.

Ұйымдастырушылар мұндай жұмыстардың басты мақсаты тұрғындарды жазалау емес, тазалық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру екенін атап өтті.

Монтайтас ауылында тұрғындарға түсіндіру және бақылау бағытындағы рейдтер алдағы уақытта да жалғасын табады. Жергілікті әкімдік өкілдері ауыл тазалығын сақтауға әр азаматтың үлесі маңызды екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРЫП, ҚАЛА КЕЛБЕТІ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz

Түркістанда суару жүйелерін өндіретін зауыт ашылады

berdaly_oraz