ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын жеткізді. Әрбір өтініш назарға алынып, жауапты сала өкілдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің заңнама талаптарына сәйкес қаралуы және шешілу барысын бақылау қажеттігі атап өтілді.

Облыс әкімінің орынбасары азаматтардың талап-тілегіне жауапкершілікпен қарау, өтініштерді жан-жақты зерделеу және нақты шешім қабылдау маңызды екенін айтты.

Жеке қабылдау – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, халықтың мәселелерін дер кезінде анықтауға және оларды шешуге мүмкіндік беретін маңызды тетік. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құтқарушылар бір апта бойы суға батқан баланы іздестіріп жатыр

Redaktor Arysinfo

Жетісуда 78,8 млрд теңгелік жаңғырту басталады

Redaktor Arysinfo

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ: АРЫСТА «ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ–2026» АНЫҚТАЛДЫ