ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Дереккөз, фото: Жетісай ауд әкімдігі

Жетісай ауданында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир ұйымдастырылды. Жарыс 2011–2012 және 2013–2014 жылы туған спортшылар арасында өтті. Іс-шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ұлттық спорт клубы» КММ өткізді.

Турнир 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауды, жасөспірімдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды және жас таланттарды анықтауды мақсат етті.

Жарысқа Шымкент қаласы мен Шардара, Төле би, Сарыағаш, Келес, Отырар, Бәйдібек, Түлкібас, Жетісай аудандарынан, сондай-ақ көршілес Өзбекстан Республикасынан келген командалар қатысып, жалпы 200-ге жуық жас балуан 21 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев жарыстың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол мұндай жарыстар жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондарды анықтауға мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қатар, аудандық «Ұлттық спорт клубы» КММ басшысы Ерлан Райымбердиев турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және мерекелердің мән-маңызын өскелең ұрпаққа түсіндіру екенін жеткізді.

Тартысты өткен белдесулер барысында жас балуандар өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және чемпиондық белбеулермен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда оқушылардың жалған террорлық хабарламалар тарату деректері тіркелді

Қоғам қауіпсіздігі: Пробацияның мүмкіндігі мен міндеті

berdaly_oraz

Арыс қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жергілікті спортшылармен кездесіп,құттықтады

berdaly_oraz