ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК ДОСТЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанның бүгінде көне тарих пен заманауи дамуды тоғыстырған рухани әрі мәдени орталыққа айналғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтың экономикалық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Былтыр облыс экономикасы 9,3 пайызға өсіп, жалпы көлемі 10 миллиард доллардан асқан. Сонымен қатар өңірге 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылған.

Мемлекет басшысы Түркістанда өтіп жатқан алқалы жиынның басты мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесіп, қайта түлеген Түркістанды әлемге таныту екенін жеткізді. Сондай-ақ киелі шаһардың терең тарихымен қатар, болашағының да жарқын боларына сенім білдірді.

Президент өз сөзінде Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа мешіттің ашылғанын ерекше атап өтті. Осыған байланысты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен өзбек халқына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа мешіт қазақ пен өзбек халықтарының достығы мен рухани байланысының символына айналмақ. Сонымен қатар Президент бұл мешітке «Миромон ата» атауын беру жөніндегі ұсынысын жеткізіп, оның қос халық арасындағы мәңгі достықтың белгісі болатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте аппарат жиыны өтті

berdaly_oraz

Жер қойнауын пайдалануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды

ТҮРКІСТАНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo