Президент тапсырмасы орындалуда: Мақтааралда 52 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында әлеуметтік жағынан осал топтар мен көпбалалы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдарды дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және халықты баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан жоба нәтижесінде алғашқы кезеңде 52 отбасы қоныс тойын тойлады.

Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінде салынған 100 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, оның 52-сі «Отбасы банк» АҚ арқылы баспана кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Пәтер кілттерін салтанатты түрде Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов табыстап, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.

Жаңа тұрғын үйлер табиғи газ, электр энергиясы, ауыз су және кәріз жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аумақ абаттандырылып, асфальт жолдар мен кірме жолдардың құрылысы аяқталған.

Әрбір үйдің жалпы аумағы 63 шаршы метрді құрайды. Үйлерде кіреберіс, үш тұрғын бөлме, ас үй және санитарлық торап қарастырылған. Сондай-ақ әрбір отбасыға 7 сотық жер телімі беріліп, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге мүмкіндік жасалған.

Жаңа қоныс иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, көптен күткен баспаналы болу армандарының орындалғанын айтты.

Айта кетейік, Фирдауси елді мекеніне Жаңажол ауылдық округі әкімдігі де жаңа ғимаратқа көшті. Алдағы уақытта мұнда спорт және балалар ойын алаңдарын, сондай-ақ мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-КОРЕЙ «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» ІТ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Қоныс – көшу емес, келешекке сенімді қадам!

berdaly_oraz

ТҮТІНСІЗ ЖЫЛЫЖАЙ: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯ МЕН ТАБЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ІЗДЕЛУДЕ

Redaktor Arysinfo