САЙРАМ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылдың І-тоқсанына арналған мәжілісте Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов мемлекеттік қызмет көрсету мен ауылдық округтердегі санитарлық ахуалды басты назарға алды.

Аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Сауытбек Жасұланның мәліметінше, биылғы үш айда ауданда 12 192 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 73,6%-ы электронды форматта ұсынылған. Ең көп сұранысқа ие салалар: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары және құрылыс, сәулет және қала құрылысы.

🔎 Мониторинг нәтижелері:

  • Қызмет көрсету мерзімін бұзу;
  • Жұмыс кестесінің сақталмауы;
  • Құжаттардың толық болмауы;
  • Бас тарту себептерін түсіндірмеу;
  • Тыңдалым өткізбеу сынды олқылықтар анықталған.

Сонымен қатар, Жасұлан Мұхтарұлы ауылдық округтердің тазалық жағдайына жеке тоқталып, бірқатар елді мекендерде қоқыс шығару, көше тазалығы мен абаттандыру жұмыстарының кемшіліктері бар екенін атап өтті.

📌 Аудан әкімі тазалық пен мемлекеттік қызмет сапасына ерекше көңіл бөліп, барлық сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда дәрігерлер 4 жасар баланы аман сақтап қалды

Ордабасы ауданында 3 ауылға табиғи газ берілді

Түркістан облысында тәртіп сақшылары кофе таратты

Альфия Адамбек

Пікір жазу