СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласының Сәуле шағынауданында тұрғындарды тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба нәтижесінде 950-ге жуық тұрғын үй заманауи электр желісіне қосылып, шағынауданның инженерлік жүйесі жаңғыртылмақ.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы негізінде атқарылып жатқан жұмыстарды «ЭнергоСетьСтрой» ЖШС жүзеге асыруда.

Жоба аясында бірнеше трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, жоғары және төмен кернеулі кабель желілері тартылуда. Қазіргі таңда бағаналар орнату, траншея қазу және кабель төсеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тарату пункттері мен қосалқы станцияларды іске қосу бағытындағы жұмыстар да қатар атқарылуда.

Мамандардың мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Жобаны белгіленген мерзімде толық аяқтап, тұрғындарды тұрақты электр жүйесіне қосу жоспарланып отыр.

Бұл жоба шағынаудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, қаладағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға да оң ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Президент Түркістан облысының үздік мамандарын марапаттады

ТОҚАЕВ: КАСПИЙДІ САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Альфия Адамбек