ШАРДАРА АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ МЕН СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, аудан әкімдігінің өкілдері мен шаруашылық иелері қатысты. Онда ауданның 2026 жылғы даму жоспарлары мен агроөнеркәсіптік саланың негізгі бағыттары қаралды.

Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарланған 8 мың гектардың 7 959,3 гектары қамтылып, бірнеше компания жоба аясында жұмыс атқаруда. Кейбір мердігерлердің жұмыс сапасына қатысты ескертулер жасалып, жауаптыларға тапсырмалар берілді.

Көктемгі егіс науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Биыл 58 мың гектар алқапқа мақта, жүгері, күріш және жоңышқа дақылдары егілуде. Шаруаларды қолдау мақсатында дизель отыны бөлініп, «Кең дала» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиелер берілген.

Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Күріш егісінің көлемі қысқартылып, су аз қажет ететін дақылдар үлесі артуда. Шардара су қоймасындағы су қоры артқан, ал су беру лимитке сәйкес реттелуде.

Жиын соңында фитосанитарлық жұмыстар, каналдарды жаңғырту жобалары және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Шетелдік инвесторлармен туризм және терең өңдеу салалары бойынша келіссөздер жүргізілді

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!

Redaktor Arysinfo

Сарыағаштағы ауыл-аймақтарда жаңа медициналық нысандар салынуда