ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!

Құрметті ҰОС адагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Қадірлі арыстықтар!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 Бұл мерейлі мереке туған жерін қорғап қалған батырларымыздың өшпес ерлігін дәріптейді.

Осыдан 81  жыл бұрын Ұлы Отан соғысындағы қару үні тыншыды, бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері жадымыздан өшкен жоқ, қайта жыл өткен сайын ұрпақтан ұрпаққа, жүректен жүрекке жетіп, жаңғыра түсуде. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген осы болар!

Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен әр азаматқа ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерлерді еске аламыз. Біз аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығын, қажыр-күшін, биік рухын бағалай отырып, бізге ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз.

Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу — біздің басты міндетіміз.

 Құрметті ардагерлер!

Сіздер сыйлаған Жеңіс кешегі күннің ғана емес, болашақтың да жеңісі, ол соғыстан кейінгі жылдардың қиындығын еңсеруге мүмкіндік беріп, бүгінгі күні де қоғам өміріне белсене араласуға, жастарды Жеңіс рухында тәрбиелеуге күш беріп келеді.

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол зұлмат жылдардың ауыртпалығын көтерген барша жандарға құрмет көрсету – парызымыз.

Бейбіт өміріміз үшін, бұлтсыз аспанымыз үшін Сіздердің алдарыңызда тағзым етіп, басымызды иеміз!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Елімізде шаттық пен береке, ынтымақ пен тыныштық бола берсін!

 Құрметпен,

Арыс аудандық сотының төрағасы С.Умаров 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Шымкенттегі №2 Оқушылар сарайын аралады

berdaly_oraz

Сарыағаш тұрғындары облыс әкімімен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді

berdaly_oraz

АРЫСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСКЕТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

berdaly_oraz