ШАРДАРА ДАЛАСЫНДА РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Шардара ауд әкімдігі

Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылдық округіндегі мәдениет үйінде тағылымы мол әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Руханият пен ұлттық құндылықтарды ұлықтаған шараның басты кейіпкері — ел ішінде сыйлы, өнегелі ғұмыр иесі Көбекбай Еспан болды. Кеш барысында ақсақалдың «Мизам лебі» атты алғашқы жыр жинағының тұсауы кесілді.

Тағылымды шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, ақын-жазушылар, өнер адамдары, туған-туыстары мен шәкірттері қатысып, қаламгерге ақжарма тілектерін арнады. Жиналған көпшілік Көбекбай Еспанның өмір жолы мен шығармашылығына құрмет білдіріп, оның адамгершілік болмысы мен өнегелі еңбегіне жоғары баға берді.

Кешке арнайы қатысқан Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Абдразахов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Таласов мерейтой иесіне аудан әкімі Арман Қарсыбаевтің құттықтауын жеткізіп, құрмет көрсетті.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі — «Мизам лебі» кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Сахна төріне ұстазы Гүлбара Асылбекова, «Құрмет» орденінің иегері Қасымбек Хаметов, Молда Мұса ақынның ұрпағы Ғани Ахметов және күйші Дәулет Шәменов көтеріліп, ұлттық дәстүрге сай рәсім жасалды.

Шара барысында орындалған күйлер мен оқылған жырлар көрермен көңілін тербеп, кештің мазмұнын тереңдете түсті. Рухани басқосу қазақы құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мазмұнды кездесу ретінде есте қалды.

Ұқсас жаңалықтар

ОРАНҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Атырау футбол клубының ойыншылары үш айдан бері жалақысыз жүргенін мәлімдеп, кезекті ойынына байкот жарияламақ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Redaktor Arysinfo