Шымкентте 144 отбасы жаңа арендалық баспанаға ие болды

Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй кезегінде тұрған 144 отбасыға арендалық пәтер кілттері табысталды. Қуанышты сәтке куә болған отбасылардың арасында 17 көпбалалы жанұя, әлеуметтік осал топтағы 106 азамат және 21 жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.

Жаңа қоныстанушылар Тұран шағын ауданындағы жайлы пәтерлерге қоныстанады. Қазіргі таңда тұрғындармен тиісті келісімшарттар жасалып жатыр.

Айта кетейік, халықты баспанамен қамтамасыз ету – Шымкент қаласының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Әлеуметтік қолдау шаралары арқылы көпбалалы отбасылар мен мұқтаж азаматтарға жүйелі түрде көмектер көрсетіліп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайдағы білім ордасы еліміздегі 100 үздік мектептің қатарына енді

Өңір жаңалықтары: Келес ауданында зиянкестерге қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

АРЫС: ОНТАМ АУЫЛЫНДА ЖЕКЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo