Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі
🔷 Шымкент қаласының спортшысы Түлкібай Азат теңге ілуден өткен ІІ әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Спортшы «Қос құлаш» стилі бойынша үздік өнер көрсетіп, ұлттық спорттағы кезекті маңызды жетістігіне қол жеткізді.
🔷 Әлем чемпионаты 14-15 мамыр күндері Түркістан қаласында өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Халықаралық додада ұлттық спорт түрлерінің кеңінен насихатталуына ерекше көңіл бөлінді.
🔷 Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – жарысқа ерлермен қатар қыз-келіншектердің де қатысуы. Қатысушылар «Бес белес», «Қос құлаш» және «Алтын тұяқ» стильдері бойынша сынға түсті.
🔷 Аталған жарыс теңге ілу спортының халықаралық деңгейдегі беделін арттырумен қатар, қазақ халқының ұлттық мұрасын дәріптеуге бағытталған маңызды спорттық шаралардың бірі болды.
