Түркістанда жаңа мешіт ашылды: Бұл – Өзбекстанның Қазақстанға тартуы

дереккөз фото Jas Alash

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапары барысында Шавкат Мирзиёевпен бірге жаңа мешітті аралап көрді.

Құлшылық орны Өзбекстан тарапының Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға арнайы сыйы ретінде бой көтерген. Жаңа мешіттің ашылуы екі ел арасындағы рухани әрі бауырластық байланыстың айқын көрінісі болды.

Мешіттің орталық залында Құран оқылып, арнайы рухани рәсім өтті. Зәулім ғимарат дәстүрлі ислам сәулеті мен заманауи құрылыс технологияларын үйлестіре отырып салынған. Ішкі және сыртқы әрлеуде ұлттық ою-өрнектер мен ислам каллиграфиясы кеңінен қолданылған.

Айта кетейік, мешіт мұнараларының биіктігі 61 метрге жетеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАСТАРҒА ӘСКЕРИ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

Наурыз мерекесіне орай қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады

berdaly_oraz

БІРЛІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАТЫР АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

berdaly_oraz