Табиғатты қорғау – ортақ міндет: Түркістанда экологиялық мереке өтті

Түркістан қаласында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. «Парасат» саябағында ұйымдастырылған шараға облыс тұрғындары, қоғам белсенділері мен экология саласының мамандары қатысты.

Мерекелік жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков сөз сөйлеп, табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

– Табиғат – ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұра. Оны сақтау мен келер ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың жауапкершілігіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы қоғамның өмір салтына айналуы тиіс маңызды жоба, – деді ол.

Айта кетейік, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен бекітілген. Бүгінде бұл күн табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын насихаттайтын халықаралық дата ретінде аталып өтеді.

Түркістан облысында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып, өңір тұрғындарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

berdaly_oraz

ORDABASY: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – КӘСІПКЕ ҚОЛДАУ, ТАБЫСҚА ЖОЛ

berdaly_oraz

Түркістанда нашақорлыққа қарсы айлық акция басталды

berdaly_oraz