Тазалыққа салғырт қарағандарға ескерту: Арыста кезекті рейд өтті

Арыс қаласы аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейдке жауапты бөлім мамандары мен Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында тұрғындарға үйлерінің іргелес аумағын таза ұстау, арамшөптерді уақытылы ору, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттігі түсіндіріліп, заң талаптарына сәйкес ескертулер берілді.

Жауапты мамандар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 және 505-баптарына сәйкес қоғамдық орындарды ластау, қоқысты рұқсат етілмеген жерге төгу, аулаларды тазаламау, шөпті уақытылы ормау және санитариялық талаптарды сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Мамандар қала тұрғындарын өз аулалары мен көшелерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. «Таза қала – ортақ жауапкершілік» екенін ұмытпай, қаланың көркеюіне әр тұрғын өз үлесін қосуы қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

Шымкентте 8 адамды қарақұрт шақты

Ақтөбеде полицей танысын байқаусызда атып жіберді