Тәжірибе – елге қызмет: «Күміс жас» жобасы қарқын алды

Түркістан облысында еңбек нарығынан шет қалмауға ниетті аға буын өкілдеріне жаңа мүмкіндік беретін «Күміс жас» жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама – тек жұмыс табу емес, өмірге қайта серпін беру.

2023–2025 жылдар аралығында жобаға қатысқан мыңдаған азаматтың 4688-і 2026 жылы да өз қызметін жалғастырып отыр. Бұл – бағдарламаның жай ғана уақытша қолдау емес, тұрақты нәтиже беретінін дәлелдейді.

Ал 2026 жылға жоспарланған 1100 адамды жұмыспен қамту межесі бүгіннің өзінде толық орындалды. Демек, жобаға сұраныс жоғары, сенім зор.

«Күміс жас» – тәжірибені бағалайтын, еңбекті құрметтейтін жоба. Жасы ұлғайғанымен, қоғамға қажет екенін сезінген азаматтардың белсенділігі артып, өмір сапасы жақсара түсуде.

Бұл бастама – аға буынға құрметтің, әлеуметтік жауапкершіліктің және нақты нәтижеге бағытталған мемлекеттік саясаттың көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі инвесторлармен металлургия зауытын ашу бойынша келіссөз жүргізді

Шымкент полициясы 74 жастағы жоғалып кеткен кейуананы тапты

Түркістандағы білім ордасында Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды

Альфия Адамбек