Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста: қазақтың тұңғыш ғарышкерінің мерейлі белесі

дерекөз фото:turkystan.kz.

Бүгін, 27 шілдеде қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды. Ол Қазақстанның ғана емес, күллі түркі әлемінің ғарышқа жол ашқан тұңғыш перзенті ретінде тарихта қалды.

Тоқтар Оңғарбайұлы 1946 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ұшқыш ретінде ондаған әскери ұшақты сынақтан өткізіп, авиация саласында ерекше жетістіктерге жетті. 1991 жылғы 2 қазанда «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырды. Орбитада ғылыми тәжірибелер жүргізіп, елдің ғарыш тарихына алтын әріппен жазылды.

Биыл батырдың 80 жылдық мерейтойына орай туған жері Қарқаралыда салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен мерекелік бағдарламалар өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста мотивациялық іс-шара өтті

berdaly_oraz

Ақтөбе облысында жас мұғалім үйінің ауласынан денесі табылды

berdaly_oraz

Ережені жиі бұзатын жүргізушілерді куәлігінен айырып,қайта емтиханға жіберу керек — Марат Қожаев

berdaly_oraz