ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Дереккөз, фото: Төлеби ауд әкімдігі

Төлеби ауданына қарасты Аққұм ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Мұхит Оралбайұлы Әлінің есіміне арналған жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Демеушілер қолдауымен бой көтерген «Мұхит Әлі» спорт кешенінің ашылу салтанаты ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиғаға айналды.

Жаңа нысан жас ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолын кейінгі буынға таныту мақсатында салынған. Жобаның жүзеге асуына демеуші Төре Құрбанов қолдау көрсеткен.

Салтанатты шара барысында зиялы қауым өкілдері мен қайраткердің замандастары сөз сөйлеп, Мұхит Оралбайұлының ел дамуына қосқан үлесі мен еңбек жолына тоқталды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына ізгі тілектер айтылып, жастарға спортпен шұғылданудың маңызы кеңінен насихатталды.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен әдебиет өкілдері, спорт саласының ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Жиын соңында қайраткер рухына құран бағышталып, ас берілді.

Жаңа спорт кешені ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасап, өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібастық мектеп түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

berdaly_oraz

Джеки Чан Маңғыстауда жүр ме? «Құдай сауыты 4» туралы ақпарат қызу талқылануда

Redaktor Arysinfo

Арыста спорт шебері Еребаев Телғозы Ағабекұлын еске алуға арналған Республикалық турнир басталды