АРЫСТА ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Құрметті тұрғындар мен шаруа қожалықтарының иелері!

Күннің жылынуы мен шөп ору маусымының басталуына байланысты дала өрті қаупі артып отыр. Осыған орай өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау маңызды.

Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында пайдаланылатын техникалардың жарамдылығына назар аударып, өрттің алдын алу шараларын күшейту қажет. Техникаларға арнайы ұшқынсөндіргіш орнату – қауіпсіздіктің басты талаптарының бірі.

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында:

— құрғақ шөп, қамыс пен қоқыс өртеуге;

— ашық от жағуға;

— темекі тұқылын бей-берекет тастауға жол бермеу қажет.

Сонымен қатар жанар-жағармай құю кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Кез келген өрт жағдайында уақыт оздырмай 101 немесе 112 нөміріне хабар беру керек.

Дала өртінің алдын алу – табиғатты, елді мекендерді және адам өмірін қорғаудың маңызды бөлігі. Сондықтан қауіпсіздік талаптарына бейжай қарамай, баршаңызды жауапкершілік танытуға шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ НАЗАРДА

Redaktor Arysinfo

Аяғы ауыр әйел көлік жүргізе ала ма? Дәрігерлер қауіпсіздік белдігін тағуға кеңес береді

Redaktor Arysinfo

Шымкентте әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады