ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында жаңа теміржол вокзалының құрылысы қызу жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері нысанның құрылыс барысын бақылауда ұстап отыр.

Аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев құрылыс алаңына арнайы барып, жұмысшылармен кездесіп, мердігер компанияның есебін тыңдады. Қазір ғимараттың бірінші қабаты толық тұрғызылып, екінші қабаттың қабырғалары өріліп жатыр.

Жобаны жүзеге асырып жатқан құрылыс компаниясының мәліметінше, жыл соңына дейін нысанның шатыры жабылып, ішкі әрлеу және инженерлік жүйелерді тарту жұмыстары толық аяқталады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сай орындалуда.

Аудан басшылығы құрылыс сапасын басты назарда ұстап, әр кезеңде техникалық қадағалау жүргізуді тапсырды. Асқар Естібаевтың айтуынша, жаңа вокзал — тек көлік қатынасының емес, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының да маңызды бөлігі болмақ.

Заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан вокзал ғимараты барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Мұнда күту залы, билет кассалары, ана мен бала бөлмесі және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жағдайлар қарастырылған.

Жоба толық аяқталған соң, Түлкібас тұрғындары мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсететін, талапқа сай жаңа нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша мобильді топтың халықпен кездесуі өтті

Қазақстан мүфтияты Биткоинді харам деп жариялады

berdaly_oraz

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ҚЫЗМЕТКЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Redaktor Arysinfo