ТҮЛКІБАС: «АУЫЛ АМАНАТЫ» – АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

Дереккөз, фото: Түлкібас ауд әкімдігі

AMANAT партиясы Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен депутаттық фракция мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясының қатысуымен бірлескен мәжіліс өтті. Жиында партияның 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясындағы «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Құрманбай, партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Жүнісов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Өтепбай Мәткерімов, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сарсенбаев, Ырыс микроқаржы ұйымы басқармасының төрағасы Мұхит Мыңбаев, депутаттар, ауыл әкімдері, кәсіпкерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Мұхит Мыңбаев «Ауыл аманаты» бағдарламасының 2023–2026 жылдар аралығында Түлкібас ауданы мен облыс көлемінде қаржыландырылуы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бөлінген қаржыны игеру көрсеткіші бойынша Түлкібас ауданы облыстағы үздік үш ауданның қатарына енген.

Жиын барысында ауыл әкімдері, кәсіпкерлер және кәсіп ашуға ниетті тұрғындар бағдарламаға қатысты сұрақтарын қойып, жауап алды. Сонымен қатар BNK Group компаниясының менеджері Сабит Сапарбек жаңбырлатып және тамшылатып суару технологияларының тиімділігі туралы баяндады. Ол бұл технологиялардың су үнемдеуге, топырақтың тозуын азайтуға және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мәжілісте жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы нәтижелер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығын дамыту, кооперативтер құру және тұрғындардың табысын арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстық оқушы Американың білім кеңістігін бағындырды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛА КӨЛІК АЙДАСА, АТА-АНАСЫ ДА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 51 СПОРТ НЫСАНЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

berdaly_oraz