Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар әлеуметтік қолдау, тұрақты жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, «Отбасы банк» арқылы баспана алу, ономастика және инфрақұрылым мәселелерін көтерді.
Қала басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, бірқатар мәселені жан-жақты зерделеу үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылдау барысында Қайсар Маңқараев кейбір мәселелер бойынша тұрғындар көрсеткен мекенжайларға өзі барып, ахуалды көзбен көріп, нақты шешім қабылдайтынын айтты. Ал заң талаптарына сәйкес шешілетін өтініштердің орындалуы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатынын жеткізді.
Мұндай қабылдаулар тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, өзекті мәселелердің уақытылы шешілуіне мүмкіндік береді.
